Halyq Uni логотип
×

Сирек дертке шалдыққан қарағандылық қызға 1 млрд теңге жиналды

Ол ата-анасымен бірге Дубайға Zolgensma екпесін алуға кетті

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 18:56
Сирек дертке шалдыққан қарағандылық қызға 1 млрд теңге жиналды
фото: ашық дереккөз

Қарағандылық отбасы 3 жасар Айкүміс Сәрсенге 1 миллиард теңге жиналды. Ол ақшаға омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан қыз әлемдегі ең қымбат екпе – Zolgensma-ны алады. Бұл туралы жергілікті eKaraganda порталы хабарлады.

Былтыр 24 мамырда қыздың отбасы қайырымдылық акциясын бастаған еді. Содан бері қамкөңіл ата-ана облыс орталығында үнемі акциялар, жәрмеңкелер, қайырымдылық концерттерін өткізіп жүрген. Сондай-ақ қаржы жинауға Қарағанды мен Қазақстанның басқа қалаларының кәсіпкерлері көмек көрсеткен.

Осылайша, биыл 17 тамызда қажетті соманың жиналғаны белгілі болып, қыз ата-анасымен бірге Дубайға Zolgensma екпесін алуға кетті.

«Алланың қалауымен Айкүміске арналған жинақ жабылды. Алла Тағала бізге әлемдегі ең керемет және жомарт, мейірімді адамдарды жіберді. Айкүмістің өмірі үшін күрескен, инвестиция салған баршаға шын жүректен алғыс айтамыз! Тек амандық тілейміз», - деп ағынан жарылды Айкүмістің анасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама