Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады
Синоптиктер еліміз бойынша 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Сонымен, ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде шаңды дауыл тұрып, үсік жүруі, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерінде жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Болжам бойынша, Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.