Үсік, шаңды дауыл, бұршақ, жел... – жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады
Синоптиктер еліміз бойынша 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Сонымен, ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде шаңды дауыл тұрып, үсік жүруі, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерінде жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Болжам бойынша, Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
- Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман көтеріледі. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы – түнде +4...+6°С, күндіз +19...+21°С.
- Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +19...+21°С болады.
- Сондай-ақ Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С.