Halyq Uni логотип
×

Алматыда бірдей нөмірмен жүрген екі көлік айып тұрағына жеткізілді

Енді құжатты қолдан жасап, жалған мемлекеттік нөмір жасау тетігі анықталатын болады

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 16:15
Алматыда бірдей нөмірмен жүрген екі көлік айып тұрағына жеткізілді
фото: дереккөз

Егіз көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қатар қойылды. Оларды полиция қызметкерлері ол жерге жалған мемлекеттік нөмірлер мен тіркеу куәліктерін анықтағаннан кейін жеткізген.

Біздің деректерге сәйкес, шынайы Nissan қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан және белгілі болғандай, оның иесі өз көлігінің екі көшірмесі көрші елде «өмір сүріп жатқанын» білмеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Оның айтуынша, құжатты қолдан жасап, жалған мемлекеттік нөмір жасау тетігі анықталатын болады. Ал заңды бұзған «егіз көлік» иелері заң бойынша жауап береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама