Halyq Uni логотип
×

Тамара Дүйсенова бізге Моңғолияның қонақ үйлерді дамытқанын үлгі етті

Ешбір жұмыс беруші жұртты ұлттық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуі керек

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 14:31
Тамара Дүйсенова бізге Моңғолияның қонақ үйлерді дамытқанын үлгі етті
фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде елімізге ресейлік мамандардың көптеп келуіне байланысты сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, бізге де шетелдік мамандарды барынша қабылдаған жөн.

Еңбек кодексіне сәйкес, ешбір жұмыс беруші жұртты ұлттық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуі керек. Қазақтарды жұмысқа алмаса, заң бойынша жауап береді. Бірақ бізге білімді, кәсіпқой жастар келсе, оларды қабылдауымыз керек. Қазір әлемде жабық мемлекеттер жоқ. Барлық мемлекеттер бір-біріне ашық. Олар білім мен технологияларды тасымалдайды, - деді Тамара Дүйсенова.

Осы орайда министр сөзіне Моңғолияны мысал етіп алды. Онда 2000-жылдардың басынан бері итальяндық мамандар сол кезде дамымаған қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жұмыс істеуге кеңінен тартылған. Бұл мамандар өндірістегі жұмыс деңгейін айтарлықтай көтеріп, сонымен бірге жергілікті жастарды оқытқан. Бірнеше жылдың ішінде елде негізінен жергілікті кадрлар жұмыс істейтін жоғары санатты мейрамханалар мен қонақүйлердің кең желісін қалыптастыруға мүмкіндік берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама