Оқиға орнынан тегіс ұңғымалы мылтық тәркіленді
Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы жасөспірімге оқ тиіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір жараланған жасөспірім дәрігерлердің жіті бақылауында.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, ол 18 жастағы туысымен бірге аң атуға барған. Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылы маңындағы орманда жүрген «аңшылар» қаруды дұрыс қолданбай, арты осындай жағдайға әкелген. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан тегіс ұңғымалы мылтықты тәркіледі.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабының 3-бөлігі («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданбақ.
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдолдинов тұрғындарды суық қаруды сақтау ережесін бұзбайға және оны балаларға бермеуге шақырды.
Бұл оқиға ересектердің жауапсыздығының жоқ екенін аңғартып отыр. Азамат заңсыз сақталған қаруды өз еркімен полицияға тапсыруы керек. Егер ол қарудың құқық бұзушылыққа еш қатысы болмаса, онда ешкім қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, - дейді департамент басшысы.