Halyq Uni логотип
×

«Осыдан кейін өлмегенде қайтеді»: әскердегі «беташар» желіде қызу талқыға түсті

Кейбір желі қолданушылары бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары да болуы мүмкін деп топшылапты.

 Халық үні 20.08.2022 | 07:33
«Осыдан кейін өлмегенде қайтеді»: әскердегі «беташар» желіде қызу талқыға түсті
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде таралған видеода әскери қызметшілер үш сарбазды ортаға алып, біреуі жаңа түскен келіндей көпшілікке сәлем салып жатыр.

Бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Видеода бір топ сарбаз ғимараттың ішінде «беташар» рәсімін өткізіп жатыр. Жас келін мен оны қолтықтап тұрған екі жеңгесінің рөлінде сарбаздар тұр. Кадр сыртындағы асаба домбырамен әндетіп, «келінге»  жаңа туыстарын таныстыруда. Басқа сарбаздар ортаға қойылған әскери бас киімге ақша тастап, мәз боп жатыр. Сарбаздардың көңілі көтеріңкі екені байқалады.

Сарбаздардың бұл әрекеті көпшіліктің ашу-ызасына тиді. «Қазіргі біздің әскердің сиқы осы», «Ұятсыздар», «Ел қорғай ма десек, мыналардың істеп жүргені мынау» деген сыңайдағы пікірлер көптеп кездеседі.

Кейбір желі қолданушылары бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары да болуы мүмкін деп топшылапты. «Қай бала келіншек болғысы келеді. Осылай жалғаса берсе, өлмегенде не істейді?» дейді жұртшылық. Сондай-ақ видеодағы көріністі жәй әзіл, көңіл көтеру үшін жасалған дүние екенін айтқандар да бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама