Halyq Uni логотип
×

Назарбаев Университеті қыздарды зорлады деген бойжеткеннің мәлімдемесіне жауап берді

Университет тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді

 Халық үні 20.08.2022 | 00:26
Назарбаев Университеті қыздарды зорлады деген бойжеткеннің мәлімдемесіне жауап берді
Фото: wikipedia.org

Назарбаев Университеті оқу орнында білім алатын қыздардың зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан студенттің мәлімдемесінен кейін тергеуге жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – Университет) студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының Полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізуде. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді, - делінген хабарламада.

Елордалық полицейлер Назарбаев Университеті қызметкерлерінің студент қыздарды зорлағаны жөніндегі видеоүндеу бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуіне қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан, - делінген Рolisia.kz Telegram-арнасында.

Айта кетсек, аталған бейнеүндеу Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген. Полиция қызметкерлері ол жөнінде толық ақпаратты кейін жариялайтындарын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама