Тоқаев: «Геосаяси жағдай сағаттарымызды салыстыру қажеттігін меңзеп тұр»
Президент екі арадағы жан-жақты ынтымақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтың болашағы туралы пессимстік болжамдар айтуға ешқандай негіз жоқ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласындағы сапары аясында өткен Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Геосаяси ахуалдың ерекшелігі сағаттарымызды салыстырып, тексеруді қажет екенін меңзейді. Бәлкім Үкіметтерге қосымша тапсырма беру керек болатын шығар. Олар бір-бірімен табысты жұмыс істеп, өзара әрекет етіп жатыр. Сонда да өмір шешімін табуды қажет ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Жалпы арадағы серіктестіктің дамуына қанағаттануға барлық негіз бар. Бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді әлемдегі ең ұзын құрлықтық толық шегенделген шекара біріктіріп тұр. Сондықтан, әрине, болашағымызға қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ, - деді Мемлекет басшысы.
Президент, сондай-ақ екі арадағы жан-жақты ынтымақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде бүкіл саладағы көпжақты әріптестігімізге қосымша серпін беруге ынталымын,- деді Қазақстан Президенті.