Запорожье АЭС-і жарылыстың алдында тұр

Дастан Жұмабекұлы

Бесінші және алтыншы энергиялық блоктар істен шықса, Атом-электр станциясының жұмысы тоқтатылады

фото: eadaily.com

Украинадағы Запорожье атом-электр станциясы қауіптің алдында тұр. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей әскери командованиесі Еуропадағы ең ірі – Запорожье атом-электр станциясын істеп шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады.

Мұны Ресей Федерациясы Қарулы күштері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы, генерал-лейтенант Игорь Кириллов «РИА Новости» агенттінінің тілшісіне берген сұхбатында да айтты.

Украинадағы атом станциясын атқылауға байланысты әңгімелер жалғаса беретін болса, бесінші және алтыншы энергиялық блоктарды «салқын резервке» қарай шығарып жіберу мәселесін қарастыруымыз мүмкін. Бұл Запорожье АЭС-нің жұмысын тоқтатып тастайды, – деді ол.

Ресей Запорожье атом-электр станциясын соғыстың алғашқы кезеңінде басып алып, оның территориясына әскери техникалары мен оқ-дәрілерін сақтап келе жатыр.

Бұған дейін Ресей 19 тамызда станцияда «Киев режиміне қарсы кең ауқымды арандатушылық» болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

17 тамызда БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Львовқа келіп, Зеленскиймен кездесті. Ол мұнда АЭС жайын талқылады. Одан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Украина басшымен осы мәселе бойынша әңгіме қозғады.