Мемлекет басшысы Елбасы туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы конституциялық заңдарға қол қойды.
Заң жобасында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар. Бұдан былай ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы тұлғаға қарай емес, қызметіне қарай Президентке тиесілі болады.
Бұл ретте Қазақстанның тұңғыш президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.
Осылайша, Парламент қабылдаған Конституциялық заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Еске салайық, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанын мәлімдеді.
28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды.