Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы отқа оранды

Дастан Жұмабекұлы

Тимоново селосы Украинаның Харьков және Луганск облыстарының шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан

фото: moscowtimes.ru

Ресей Федерациясының Белгород облысындағы Тимоново селосында оқ-дәрі қоймасы өртеніп кетті.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Белгород облысының Тимоново селосындағы оқ-дәрі сақталған әскери қойма өртеніп жатыр, – деп хабарлады облыстың губернаторы Вячеслав Гладков.

Оның айтуынша, өрт салдарынан зардап шеккен адам жоқ. Қазір Тимоново және Солоха селоларының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орын алған жерде жедел қызмет жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталады.

Тимоново селосы Украинаның Харьков және Луганск облыстарының шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан.