×

Өскеменде 65 млн теңге тұратын есірткі тәркіленді

Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, олар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 15:55
фото: polisia.kz

Өскеменде полицейлер 65 млн теңге тұратын есірткіні тәркіледі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерімен бірігіп, есірткі жеткізумен айналып жүрген адамдардың іздеріне түсіп, Өскемен қаласына 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 кг жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын әкелгісі келген 35 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Оны ұстаған кезде онымен бірге автокөлікте зайыбы да отырған. Ол әйелін күдік тудырмау үшін өзімен бірге әдейі жолға алып шыққаны белгілі болды. Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші мүшесі де қолға түсті. Одан 2 мың дозаға тең 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі жолын жою бойынша арнайы операция Өскеменге арнайы келген Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстаумен аяқталды. Тінту кезінде одан құрамында 0,5 келіден астам альфа-PVP психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленді.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, поерация кезінде Өмскеменде шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасын жеткізудің жолы кесілді. Бұл есірткінің «қара базардағы» бағасы шамамен 65 млн теңгеден асады.

Қазір күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды. Олардың қылмысы дәлелденсе, соттың шешімімен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама