Астананың әкімі жаңа мектептер үшін жер бөлінгенін айтты

Дастан Жұмабекұлы

Олар қаланың барлық ауданында салынады

фото: ашық дереккөз

Астанада жаңа мектептің құрылысына жер бөлінді.

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді. Бұл жер учаскелерінде 120 мың оқушыға (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған мектептер салынады.

Жер учаскелері әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті ескере отырып анықталды. Ол қаланың барлық ауданында орналасқан. Әлеуметтік нысандарды салуға арналған жер учаскелерінің саны жыл сайын көбейетін болады.

Әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына арнайы бағыт бекітілді.

Мәселен, елордада биыл 11 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Есіл ауданында – 6 мектеп, Алматы ауданында – 4 мектеп, Сарыарқа ауданында тағы 1 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп (ол 2023 жылы тапсырылады). Осы білім ордаларында 23 мыңнан астам оқушы оқиды, –  деді ол.

Сонымен бірге оның айтуынша, 2023 жылы тағы 13 мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша тағы 22 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Есіл ауданында тұрғындардың тығыз орналасқанын ескере отырып тағы 8 мектеп, Алматы ауданында – 4 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп салу ойда бар. Сол сияқты мектеп санын арттыру, оның ішінде жеке қаражат есебінен де көбейту мәселесін қарастырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада 3 жылда 34 мектеп салынды. Бұл жерде 70 мың оқушы білім ала алады.