Әлеуметтік желілерде «Қазақстан орыстілді сыныптарды жабуды жоспарлап жатыр» деген ақпарат тарады
Ресей Қазақстанмен қарым-қатынастарына жік салғысы келетіндер барын мәлімдеді деп хабарлады ТАСС.
«Ресей мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасына қатысты түрлі фейктердің күрт көбейіп кеткеніне назар аудардық. Оның артында Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына жік салғысы келетіндердің, тату көршілер арасында, оған қоса көпұлтты мемлекеттің ішінде шиеленісудің қосымша факторын жасағысы келетіндердің тұрғаны анық», - деп мәлімдеді Ресей СІМ ақпарат және баспа департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев.
Ол бұл мәлімдемені әлеуметтік желілерде тараған «Қазақстан орыстілді сыныптарды жабуды жоспарлап жатыр» деген ақпаратқа түсінік бере отырып жасаған. Ал ол ақпаратты Қазақстан билігі жоққа шығарған болатын.