Halyq Uni логотип
×

V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

Отандастарымыз 27 алтын, 23 күміс және 39 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бесінші орын алды

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 10:15
V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды
фото: МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан спортшылары 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады. 

Оқырманның назарына журналист Мұсағали Тасқалиевтің Исламиада туралы материалын ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Ислам ойындары – Ислам конференциясы ұйымына кіретін елдердің ең ірі халықаралық жарысы.

I Ислам ойындары 2005 жылы Сауд Арабиясында өтіп, 54 мемлекет қатысты. Жарыс қожайындары Сауд Арабиясы жалпыкомандалық есепте топ жарды. Екінші орыннан Египет көрінсе, Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды.

II Ислам ойындары 2009 жылы Иранда өтуге тиісті болатын. Алайда, Иран мен Араб елдері арасындағы кикілжіңге байланысты 2010 жылға ауысты да артынан мүлдем өтпей қалды.

III Ислам ойындары 2013 жылы Индонезияның Палембанг қаласында өтті. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл додаға қатысқан жоқ. Жарыс қожайындары Индонезия 29 алтын, 26 күміс және 23 қоламен топ жарды. Екінші орынға Египет ие болса, үздік үштікке Түркия енді.

IV Ислам ойындары 2017 Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп, 57 мемлекет өкілі қатысты. Қазақстан құрамасы бұл сында 14-орын алды. Топ басында жарыс қожайындары Әзербайжан командасы болса, екінші орынға Түркия иелік етті. Иран құрамасы үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды Өзбекстан алды. 17 мемлекеттің спортшылары бірде-бір жүлдені иелене алмады.

V Ислам ойындары 2021 жылы алғашында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтуге тиісті еді. Алайда Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келгендіктен Кония қаласына ауысты. Бірақ әлемді жайлаған пандемияның кесірінен өтпей қалып, биыл дүркіреп өтті. Жарыс қожайындары жеке-дара көш бастаса, Өзбекстан құрамасы екінші орын алды. Үшінші орында Иран спортшылары. Төртінші орында Әзербайжан. Қазақстан құрамасына бұйырғаны бұл жолы бесінші орын болды.

VI Ислам ойындары 2025 жылы Индонезияның Бандунг қаласында өтеді деп жоспарланған. Бұйырса ол сында Қазақ елі спортшылары үздік үштіктен ойып тұрып орын алады деген үміттеміз!

Енді сіздердің назарларыңызға V Ислам ойындарында жеңімпаз және жүлдегер болған спортшыларымыздың толық тізімін ұсынамыз:

  1. Айзада Мүптілда (Ауыр атлетика) 3 алтын
  1. Зульфия Чиншанло (Ауыр атлетика) 3 алтын
  1. Рината Сұлтанова (Велоспорт) 3 алтын, 1 қола
  1. Арли Чонтей (Ауыр атлетика) 2 алтын, 1 күміс
  1. Әділбек Мусин (Суға жүзу) 2 алтын
  1. Аида Бауыржанова (Спорттық гимнастика) 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
  1. Елжаңа Таниева (Көркем гимнастика) 1 алтын, 2 қола
  1. Аделиада Пчелинцева (Суға жүзу) 1 алтын, 1 қола
  1. Әлішер Жұмахан (Велоспорт) 1 алтын 1 қола
  1. Софья Әбубәкірова (Суға жүзу) 1 алтын
  1. Қайсар Алпысбай (Каратэ) 1 алтын
  1. Софья Берульцева (Каратэ) 1 алтын
  1. Берік Ысқақов (Кикбоксинг) 1 алтын
  1. Михаил Литвин (Жеңіл атлетика) 1 алтын
  1. Әлихан Өздоев (Кикбоксинг) 1 алтын
  1. Махат Үсіп (Кикбоксинг) 1 алтын
  1. Артем Захаров (Велоспорт) 1 алтын
  1. Нұрсұлтан Жұмабаев (Кикбокс) 1 алтын
  1. Любовь Ковальчук (Ауыр атлетика) 3 күміс
  1. Арай Нұрлыбекова (Ауыр атлетика) 3 күміс
  1. Алексей Чуркин (Ауыр атлетика) 3 күміс
  1. Артем Антропов (Ауыр атлетика) 2 күміс
  1. Айша Омарова (Ауыр атлетика) 2 күміс
  1. Асылхан Бектай (Ауыр атлетика) 1 күміс
  1. Мәдина Бақбергенова (Күрес) 1 күміс
  1. Милад Карими (Спорттық гимнастика) 1 күміс
  1. Нариман Құрбанов (Спорттық гимнастика) 1 күміс
  1. Дмитрий Патанин (Спорттық гимнастика) 1 күміс
  1. Руслан Степанов (Кикбоксинг) 1 күміс
  1. Дмитрий Москов (Велоспорт) 1 күміс
  1. Ксения Игнатова (Суға жүзу) 3 қола
  1. Өтепберген Алиев (Ауыр атлетика) 2 қола
  1. Адлан Асқаров (Күрес) 1 қола
  1. Жәмила Бақбергенова (Күрес) 1 қола
  1. Аманғали Бекболатов (Күрес) 1 қола
  1. Жансел Дениз (Таэквондо) 1 қола
  1. Даниэла Ду (Суға жүзу) 1 қола
  1. Мамед Ибрагимов (Күрес) 1 қола
  1. Нұрдәулет Қалшора (Кикбоксинг) 1 қола
  1. Рахат Қалжан (Күрес) 1 қола
  1. Әсел Қанай (Каратэ) 1 қола
  1. Шара Хамзина (Кикбокс) 1 қола
  1. Бауыржан Хасенов (Таэквондо) 1 қола
  1. Жасурбек Клычов (Таэквондо) 1 қола
  1. Батырхан Қуандықов (Кикбоксинг) 1 қола
  1. Марина Кузьмина (Велоспорт) 1 қола
  1. Ирина Кузнецова (Күрес) 1 қола
  1. Эллада Махиатдинова (Күрес) 1 қола
  1. Кристина Овчинникова (Жеңіл атлетика) 1 қола
  1. Светлана Пащенко (Велоспорт) 1 қола
  1. Қанат Сейілхан (Дзюдо) 1 қола
  1. Денис Жолудев (Үстел теннисі) 1 қола

Міне, жоғарыда есімдері аталған ұл-қыздарымыз Ислам ойындарының қаһармандары атанып, 27 рет Әнұранымызды шырқатса, 89 рет көк туымыз көкке көтерілді. Исламиадаға қатысқан 56 мемлекеттен 12-сі бірде-бір жүлдеге іліккен жоқ. Біздің спортшылар үздік бестіктен көрінді. Жеңіс құтты болсын ағайын! Қазақ спортының даңқы арта берсін! «Спорт жұлдыздары» журналы мен halyq-uni.kz ақпарат агенттігі екі апта бойы сіздерге Түркияның Кониясынан күн сайын спортшыларымыздың әрбір жетістігін сол бойда жеткізіп, сүйінші сұрап отырды. Түркияға бармасақ та сіздерге Ислам елдерінің Олимпиадасына айналған ойындардың өту барысын жедел жеткізуге тырыстық.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама