Halyq Uni логотип
×

АҚШ президенті Украинаға тағы 800 млн доллар бөлуі мүмкін

Билік бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты

 Дәурен Ерболат 19.08.2022 | 09:55
АҚШ президенті Украинаға тағы 800 млн доллар бөлуі мүмкін
Фото: fbc.ua

Ақ үй Ресеймен соғысып жатқан Украинаға жаңа әскери көмек беру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Reuters.

Дереккөздердің мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша шамамен 800 млн доллар көлемінде әскери көмек дайындауда. Бұл туралы мемлекет басшысы жұмада мәлімдеуі мүмкін.

Джо Байден АҚШ-тағы артық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді азайту жөніндегі президент өкілеттіктерін пайдалана отырып, көмекке рұқсат беруі ықтимал.

Дереккөздер президенттің мәлімдемесі келесі аптада жариялануы мүмкін екенін айтады. Алайда Украинаға берілетін қарулардың құны өзгеруі ықтимал.

Ақ үй бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Биыл ақпанда Ресей әскерлері Украина шекарасынан өтіп, РФ президенті Владимир Путин «арнайы әскери операция» басталды деп мәлімдемеген бері қос мемлекет арасындағы жағдай ушығын кеткен еді. Бүгінде соғыс негізінен елдің шығысы мен оңтүстігінде жүріп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ билігі Украинаға 1 млрд доллар көлемінде көмек бөлген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама