Қазір жасөспірімнің жаздайы ауыр
Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
«Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ қамалды. Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны Айдын Құрманбеков өзінің 17 жастағы баласын намаз оқымағаны үшін әбден ұрып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарғанын жазған болатынбыз.