Halyq Uni логотип
×

Гений Ақназар Қажымұраттың өліміне не себеп болғаны белгілі болды

Оқиға орнын тінту кезінде өлім алдында жазылған хат болған жоқ, ішінде ұнтақ тәрізді зат салынған пластик құты табылып, тәркіленген

 Халық үні 18.08.2022 | 19:48
Гений Ақназар Қажымұраттың өліміне не себеп болғаны белгілі болды
фото: Facebook / Назарбаев Зияткерлік мектептері

Гарвардта білім алған 20 жастағы қазақ баласы Ақназар Қажымұраттың өліміне қатысты алғаш рет тың дерек пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К

Оның денесі 2021 жылдың қарашасында Алматының Бостандық ауданындағы қонақ үйлердің бірінен табылған еді. 

Сот-медициналық сараптама Ақназардың трамадолдан, яғни психотропты опиоидті анальгетиктен уланып өлгенін көрсеткен. Денесінен зорлық-зомбылықтың ізі байқалмапты.

Алматы прокуратурасының мәліметенше, оның денесі Vivaldi International Hotel қонақ үйінің бір бөлмесінде, жуынатын бөлменің еденінен табылған. Оқиға орнын тінту кезінде өлім алдында жазылған хат болған жоқ, ішінде ұнтақ тәрізді зат салынған пластик құты табылып, тәркіленген. 

Сондай-ақ прокуратура құтыдағы заттың «Қазақстан Республикасының аумағында бақылауға жататын есірткі, психотропты зат немесе олардың баламасына жататын дәрі-дәрмек емес» екенін хабарлап отыр.

Яғни әлдеқандай зат салынған құты қаза болған баланың жанына қайдан келгені белгісіз. Ал істі тергеу 2022 жылдың 30 наурызында аяқталып қойған екен.

Еске сала кетейік, Ақназар Қажымұрат 2018 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сыныбына оқып жүріп, әлемге әйгілі болды. Сол жылы ол халықаралық ACT және SAT Subject Tests тестінде рекорд орнатып, ең жоғары көрсеткішке — 36-дан 36 және 2400-ден 2400-ге жеткен.

Ол осы жетістігінен кейін әлемдегі ең мықты оқу орындарының бірі — Гарвардқа оқуға түскен болатын. Оны БАҚ Қазақстандағы ең талантты және «Данышпан жігіт» атап кеткен еді.

Былтыр 3-қараша күні ізім-қайым жоғалған 20 жасар Ақназардың денесі 5-қараша күні қонақ үйден табылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама