Ердоған Украинаға соғысты тоқтатуға барды

Дастан Жұмабекұлы

Түркия президенті БҰҰ басшысымен және Зеленскиймен кездеседі

фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барды. Ол Львов қаласында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришпен және Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Львовқа Түркия делегациясы құрамында Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президент әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир, ​​Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик пен Түркия Үкіметінің басқа да мүшелері барды. Олардың арасында «Baykar Makina» компаниясының бас директоры Халук Байрактар ​​да бар.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Ердоған Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастыруды, сондай-ақ атысты тоқтату режимін жариялауды ұсынуды жоспарлап отыр.

Кездесуде Украина порттарынан Қара теңізге кемелердің қозғалысы, азық-түлік пен астық экспорты мен Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдай талқыланады делінуде.