Түркістан облысында тауар бағасы 50,1%-ға артты
Қазақстанда кеңсе тауарлары бір жылда 12,3%-ға қымбаттады. Баға Түркістан және Атырау облысында айтарлықтай өскен, деп хабаралды Energyprom.kz.
Сарапшылардың хабарлауынша, Түркістан облысында кеңсе тауары бағасы 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 50,1%-ға қымбаттады. Атырау облысында баға бір жылда 31,1%-ға, Ақмола облысында 14,7%-ға қымбаттаған.
Алматы қаласында да бағаның 14,5%-ға артқаны байқалды.
Баға қатты қымбаттамаған өңірлер арасында Жамбыл облысы (1,2%), Павлодар (3,1%) және Маңғыстау облысы (3,7%) бар.
Тауарды жеке алғанда сурет салуға арналған альбом бір жыл ішінде 14,1%-ға қымбаттаған. Қалам 13,2%-ға, түрлі-түсті қарындаш жиынтығы 12,1%-ға, дәптер 12%-ға, А4 қағазы 10,6%-ға қымбаттады.
Айта кетейік, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Оқу жылын ұзартуға қатысты Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы шықты.