Halyq Uni логотип
×

Жаңа оқу жылы: елімізде кеңсе тауарлары қанша пайызға қымбаттады

Түркістан облысында тауар бағасы 50,1%-ға артты

 Халық үні 18.08.2022 | 13:40
Жаңа оқу жылы: елімізде кеңсе тауарлары қанша пайызға қымбаттады

Қазақстанда кеңсе тауарлары бір жылда 12,3%-ға қымбаттады. Баға Түркістан және Атырау облысында айтарлықтай өскен, деп хабаралды Energyprom.kz.

Сарапшылардың хабарлауынша, Түркістан облысында кеңсе тауары бағасы 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 50,1%-ға қымбаттады. Атырау облысында баға бір жылда 31,1%-ға, Ақмола облысында 14,7%-ға қымбаттаған.

Алматы қаласында да бағаның 14,5%-ға артқаны байқалды.

Баға қатты қымбаттамаған өңірлер арасында Жамбыл облысы (1,2%), Павлодар (3,1%) және Маңғыстау облысы (3,7%) бар.

Тауарды жеке алғанда сурет салуға арналған альбом бір жыл ішінде 14,1%-ға қымбаттаған. Қалам 13,2%-ға, түрлі-түсті қарындаш жиынтығы 12,1%-ға, дәптер 12%-ға, А4 қағазы 10,6%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Оқу жылын ұзартуға қатысты Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама