Halyq Uni логотип
×

Рыбакина «Үлкен дулығаның» екі дүркін чемпионын ұтты

Енді ол үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кортқа шығады

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 10:58
Рыбакина «Үлкен дулығаның» екі дүркін чемпионын ұтты
фото: ktf.kz

Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати штатында өтіп жатқан WTA 1000 жарысында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы (Ролан Гаррос - 2016, Уимблдон - 2017) испаниялық Гарбинье Мугурусаны ұтты.

Ол турнирдің екінші айналымында қарсыласын бірінші партияда 6:3, екінші партияда брейкпен 4:1, үшінші партияда 6:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін әлемнің 9-ракеткасы Гарбинье Мугуруса мен Елена Рыбакина қарсыластарымен екі кездесу өткізіп, екі рет жеңілген болатын.

Енді әлемнің 25-ракеткасы Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кортқа шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама