Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды

Биыл осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 18.08.2022 | 09:50
Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының тұрғыны екі азаматтығы бар болғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталы.

Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау фактісін анықтады.

Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Полиция биыл осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама