Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны тағы артты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1169 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 210,
- Алматыда – 95,
- Шымкентте – 11,
- Ақмола облысында – 87,
- Ақтөбе облысында – 57,
- Алматы облысында – 10,
- Жетісу облысында – 22,
- Атырау облысында – 44,
- Шығыс Қазақстан облысында – 28,
- Абай облысында – 18,
- Жамбыл облысында – 20,
- Батыс Қазақстан облысында – 120,
- Қарағанды облысында – 133,
- Ұлытау облысында – 42,
- Қостанай облысында – 72,
- Қызылорда облысында – 10,
- Маңғыстау облысында – 29,
- Павлодар облысында – 85,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 69,
- Түркістан облысында – 7.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 380 960 жетті.
Сондай-ақ 1227 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 412,
- Алматыда – 119,
- Алматы облысында – 54,
- Жетісу облысында – 124,
- Абай облысында – 88,
- Батыс Қазақстан облысында – 4,
- Қарағанды облысында – 327,
- Ұлытау облысында – 2,
- Қызылорда облысында – 27,
- Маңғыстау облысында – 39,
- Павлодар облысында – 14,
- Түркістан облысында – 17.
Елімізде барлығы 1 345 689 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
14 тамыздағы мәлімет бойынша 23 279 адам коронавирустан емделуде.
«Оның ішінде 1 185 пациент стационарда, 22 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңір жоқ.
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше елімізде 1104 адамнан СOVID-19 анықталған еді.