Halyq Uni логотип
×

Бір күнде автожолға қатысты 30 шағым түсті – «Әділдік жолы»

Қазақстанда «Әділдікті талап ет» акциясы өтіп жатыр

 Халық үні 17.08.2022 | 18:49
Бір күнде автожолға қатысты 30 шағым түсті – «Әділдік жолы»
фото: «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп бастаған «Әділдікті талап ет» акциясының алғашқы күні қазақстандықтардан жол сапасына қатысты 30 шағым түсті. Бұл туралы бүгін автожолдар саласындағы қоғамдық мониторингтің басталуы туралы брифингте «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.  

«Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі жол сапасының көрсеткіші бойынша, біздің еліміз 138 мемлекеттің ішінен 108-орында тұр.  Алайда жолдарды жөндеуге жыл сайын өте көп сома бөлінеді. Мысалы, биыл 11 000 шақырым жолды жөндеуге 600 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған», - деді ол. 

Бірлестік басшысының айтуынша, қазақстандықтар Adildik.kz сайты және 1463 нөмірі арқылы автожол салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы сыбайлас жемқорлық проблемалары мен фактілерін, тесілген жолдар мен оларды жөндеу сапасына қатысты хабарлай алады. Бұған қоса, ол автожол құрылысы саласындағы қоғамдық бақылау әлемде кең таралған тәжірибе екенін атап өтті.

«Мәселен, Чехияда бұл процеске жергілікті автомобиль одағы мен жол кәсіподағы, Филиппинде қорытынды беру құқығымен «ССАGG» қоғамдық бірлестігі жұмылдырылған. Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, шектеулі адами ресурстар жергілікті атқарушы органдарға жол сапасына тиісті бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Қазір бүкіл ел бойынша 1000-ға жуық түрлі жол учаскесіне кепілдік бойынша қызмет көрсетіледі. Нақты учаскелердің толық тізімі Adildik.kz сайтында жарияланған, яғни кез келген азамат кепілдіктегі қандай да бір жолдың  қандай жағдайда екенін өз бетінше тексере алады», - деп толықтырды Смағұлов. 

Сонымен қатар спикер акцияның алғашқы күнінің қорытындысын жариялады. 

«Акция басталған күні қазақстандықтардар жол сапасына қатысты 30 шағым түсті. Мәселен, 2020 жылы 739 миллион теңге төленген Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық жолының жарылып, бұзылғанын анықталды. Сол сияқты Алматы облысында биыл мамырда тапсырылған жолдардан бірқатар олқылықтар анықталды. Ол үшін 152 миллион теңге жұмсалған», - деді «Әділдік жолы» РМҚ атқарушы директоры.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің жетекшісі Саян Ахметжановтың айтуынша, кейінгі бес жылда Қазақстанда республикалық бюджетке сәйкес автожолдарды дамытуға және оларды жөндеуге шамамен 1,7 триллион теңге бөлінген.

«Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және тиісті бақылаудың болмауы нәтижесінде жол инфрақұрылымы проблемалық саласында қалып отыр.

«Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2019 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіне сәйкес, Қазақстан жол сапасының көрсеткіші бойынша әлемнің 141 елінің ішінде 93-ші орынға ие», - деді Ахметжанов. 

Сонымен қатар ол жол сапасының төмен болуы автожолдарды салу мен жөндеудің барлық кезеңдерінд кездесетін сыбайлас жемқорлықпен байланысты екенін атап өтті. 

«Өкінішке орай, биыл осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады. Мәселен, 2021 жылы Антикордың өндірісінде 18 сотқа дейінгі тергеу болса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Олардың басым бөлігі ұрлау, билікті асыра пайдалану, пара алумен байланысты», - деп қосты агенттік өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама