Путин «Ардақта ана» атағына 1 млн рубль тағайындады
Ол үшін 10 немесе одан да көп баланың шешесі болу керек
Ресей президенті Владимир Путин 10 баланың және одан көп баланың анасына немесе осыншама баланы тәрбиелеген әйелдерге 1 млн рубль ( 7 820 000 теңге, – ред.) көлемінде бір реттік сыйақы беру туралы қаулыға қол қойды.
Бұл туралы islamnews.ru хабарлады.
Сыйақы бір рет беріледі. Сонымен бірге Ресейде «Ана-атаның құрметі» орденінің иегеріне бір рет 200 мың рубль ( 1 564 000 теңге, – ред.) төленсе, осы наградамен марапатталған адамның жұбайына немесе зайыбына 500 мың рубль ( 3 910 000 теңге, – ред.) беріледі.
Әйел «Ардақты ана» атағын бала бір жасқа келіп, басқа бауырлары тірі болғанда ғана ала алады. Сондай-ақ ол баласы Отанды қорғау кезінде жоғалып кетсе немесе басқа да жағдайда қайтыс болса ғана «Ардақты ана» атанады.