Тұрғымбаев 2022 жылдың ақпанында президент кеңесшісі қызметіне кіріскен
Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», - делінген құжатта.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев 2022 жылдың ақпанында Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президент кеңесшісі қызметіне кірісті.
Ерлан Тұрғымбаев қазір 60 жаста. Ол 2019 жылы Ішкі істер министрі болып тағайындалған. Бұл қызметті үш жыл атқарды. Оның алдында алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Әр жылдары тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін басқарды.