3 млрд теңгеге салынған атышулы мектеп ашылады
Қайта қалпына келтіру жұмыстары 25 тамызға дейін болады
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Білім күні Алматы облысының Талғар ауданындағы атышулы мектептің ашылатынын хабарлады.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, министрліктің мамандары билік өкілдерінің мектепке барып, оның құрылысына тексеріс жүргізген. Олар нөсер жаңбыр мектептің шатырынан су ағып, кабинеттер мен дәліздердің төбесіне айтарлықтай кесірін тигізген деген қорытындыға келген. Ал құрылысқа жұмсалған ақша жергілікті әкімдіктің құзырындағы шаруа екенін атап көрсеткен.
Алматы облысының Білім басқармасы мектеп ғимаратының тек бір корпусында ғана қабырға шытынаған деген деерк келтірген. Оны қалпына келтіру үшін ақау шыққан бөлікті бұзып, қайта салу жұмыстары болып жатқан көрінеді.
«BI Global» ЖШС мамандары тексеру жүргізді. Кемшіліктерді түзету жұмыстары басталып кетті. Абаттандыру жұмыстары мен шатырды қайта қалпына келтіру 18 тамызға дейін жасалады. Киім ауыстыратын бөлмедегі ақаулар 25 тамызға дейін түзетіледі. 1 қырүйекте мектеп оқушыларды қабылдап, сабақ басталады», – делінген Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін хабарланғандай, Талғар қаласының тұрғындары «BI Group» компаниясы салып жатқан 1200 орынға арналған № 25 мектептің құрылысына 3 млрд теңге жұмсалғанын айтып, оның сапасына наразылық білдірген болатын.