Соңғы мәліметке қарағанда, Еревандағы жарылыстан 16 адам қаза тапқан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Соңғы мәліметке қарағанда, Еревандағы жарылыстан 16 адам қаза тапқан.