Ендігі үміт қыздар командасында
Болгарияның астанасы София қаласында күрес түрлерінен жастар арасында (U20) өтіп жатқан кезекті әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына жалғыз жүлде түсті.
57 килода сынға түскен отандасымыз Мерей Базарбаев финалда АҚШ өкілі Джор Рассел Фолкптен 2:3 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл салмақта америкалық Джор Рассел Фолк чемпион атанса, Абхишек Дакка (Үндістан) пен Ахмад Масуд Мохаммаднежаджаван (Иран) үшінші орынды бөлісті.
Мерейдің күміс медалі осы әлем чемпионатындағы еркін күрес шеберлері иеленген жалғыз жүлде болды. Ендігі үміт қыздар командасында.