Дін жолындағы адам: Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті

Халық үні

47 жастағы әйел 12-тамыздан бері үйіне оралмаған

фото altaynews.kz

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты. 

Садықова Сәния Қадырханқызы 12-тамыз күні шамамен сағат 18.00– 19.00 шамасында жоғалған.

Сәния үй әрлеу, еурожөндеумен жұмыстарымен айналысады. 12 тамыз күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошарсыз.

Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар.

Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.