Ауруханаға түскен 10 жастағы бала есін жимастан көз жұмды
Оқиға бүгін сағат 17:00-де «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолында тіркелді. ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан «Тoyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тoyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге 4 жолаушы Темір аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Рүстем Исаевтың айтуынша, ауруханаға түскен 10 жастағы бала есін жимастан көз жұмды. Ол бас-ми жарақатын алған. Өзге үш науқас та бас-ми жарақатын алған. Аудан дәрігерлері санавиация шақырды.