Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті
Марқұмның жеке басы анықталды
Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігнің баспасөз қызметі хабарлады.
«Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.