Шойгу Орталық Азиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Халық үні

НАТО әскерінің осы өңірдегі 20 жылдық қызметі көңіл көншітпейді, дейді ол

фото: ria.ru

Орталық Азияда терроризм қаупі жоғары. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Армия-2022» форумы аясындағы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясының ашылуында мәлімдеді.

«АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстаннан кеткеннен кейін Орталық Азия аймағындағы жағдай өте күрделі күйде қалып отыр. Ауғанстанның жаңа билігі әскери және экономикалық сипаттағы күрделі қиындықтарға тап болды. НАТО әскерінің осы өңірдегі 20 жылдық қызметі көңіл көншітпейді. Соның салдарынан аймақта террористік қауіп-қатердің жоғары деңгейі сақталып отыр», - деді Шойгу.

Оның айтуынша, Орталық Азияның қауіпсіздік проблемасын мүдделі елдер мен халықаралық ұйымдардың үйлескен іс-қимылдарымен ғана шешуге болады.