Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына шықты

Дастан Жұмабекұлы

Енді ол әлемнің экс-бірінші ракеткасы Гарбинье Мугурусамен кездеседі

фото: canaltenis.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Цинциннати штатында өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирдің екінші айналымына шықты.

Бастапқы матчта ол Мысырдан келген 26 жастағы Маяр Шерифті 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Екінші айналымда Елена Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы испан Гарбинье Мугурусамен ойнайды.