Halyq Uni логотип
×

Қорғаныс министрі Мәскеуге барды

Ол Халықаралық армия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 12:59
Қорғаныс министрі Мәскеуге барды
фото: gov.kz

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мәскеуде Халықаралық армия ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекеттің өкілдері қатысады.  

Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді. 

Жұмыс сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама