Halyq Uni логотип
×

Асхат Аймағамбетов оқу мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді

Енді Қазақстандағы оқушылар 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады

 Дәурен Ерболат 16.08.2022 | 11:01
Асхат Аймағамбетов оқу мерзімін ұзартуға қатысты пікір білдірді
фото: Үкімет

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын 31 мамырға дейін созу оқушылардың демалысына әсерін тигізбейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында 7637 мектепте 3,6 млн бала оқиды.

Келесі оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 36 аптаға созылады. Осылайша, оқу 31 мамырда аяқталады, яғни жаздың бірінші күнінен бастап, оқушылар дәстүрлі жазғы демалысына шығады. Жаз айлары толықтай балалардың демалыс уақыты болып қала береді, - деді министр Үкімет отырысында.

Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы жазғы демалыстың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ең ұзақ болып саналатынын атап өтті.

«Бұл 92 күнді құрайды. Жалпы бір оқу жылында балаларға біз 4 рет каникулға, яғни демалысқа шығуға мүмкіндікті қарастырдық. Оған қоса, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы барлығы 192 күн демалып, 173 күн мектепке барады», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама