Олан айғақ ретінде төрт телефон тәркіленді
Астанада мешітте намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды.
Ол астанаға маусым айының соңында келіп, мешітте ұрлық жасаған. 22 жастағы мигрант ақша мен ұялы телефондарды ұрлаған. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азаматты ұстап, қамауға алды. Күдікті кінәсін мойындады. Полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефонды тәркіледі.
Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.