×

Ресей әскери командованиесі Херсонды тастап шықты

Украиндар Антон көпірін атқылап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 10:07
фото: eadaily.com

Украина Қарулы күштері Ресей әскери командованиесінің Херсоннан кетіп, Днепрдің сол жағалауына өткенін мәлімдеді.

Бұл туралы «Настоящее время» басылымы хабарлады.

Украина Қарулы күштері «Оңтүстік» жедел командованиесінің өкілі Наталья Гумпенюк ресейліктер кешеден бері жолға жиналып жатқанын айтты.

УҚК жаудың командалық пунктіне бірнеше соққы бергеннен кейін олардың командалық құрамы қауіпсіздік территорияға жете алмай қалмас үшін Днепрдің сол жағалауына қарай жылжи бастады, – деп хабарлады оның сөзін келтірген Украинаның ағылшын тілді «Media Centre Ukraine» газеті.

Мұның алдында Ресей әскери командованиесінің Херсонды тастап кетіп жатқанын облыстық кеңес басшысының бірінші орынбасары Юрий Соболевский айтқан болатын. Оның айтуынша, оккупанттардың кетулеріне жергілікті басты жолдардың бәрі украин әскерлерінің бақылауында тұрғаны себепкер болған.

Херсонды сол жағалаумен жалғастыратын Днепр үстіндегі Антон көпірі бір жағы Ресей оккупанттары басып алған территорияға жатады. РФ осы өткелдің үстімен техникалары мен оқ-дәрілерін тасиды.

Херсонның ресейлік қазіргі «билігі» 19 шілдеден бері Антон көпірінің атқыланып келе жатқанын айтады. Украина Қарулы күштері 8 тамыз күні оны кезекті мәрте атқылаған. Сол кезде көпір айтарлықтай зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама