Актриса Тамара Қосыбаева өмірден озды

Халық үні

Қазақ мәдениетінің бір көбесі сөгілді

Фото: kino-teatr.ru

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосыбаева өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі жеткізді.

Қазақ мәдениетінің бір көбесі сөгілді. Театрымыздың аяулы анасы болған, халқының қалаулысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актрисасы Тамара Өкіметқызы Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Аса қадірлі тұлға өлшеулі ғұмырын саф сұлу театр өнеріне арнап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар жемісті қызмет етті. Театр сахнасында актриса сомдаған Буратино, Әлия Молдағұлова, Күлпаш, Айбала сынды қайталанбас кейіпкерлер көрермен жадында мәңгі сақталмақ. Ғұмырын өнерге арнаған ғазиз жанның қазасы күллі қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып отыр.

Театр ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына, күллі қазақ жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңіз жадымыздан ешқашан ұмытылмақ емес,  – деп жазылған хабарламада.