Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі тәркіленді - ІІМ

Тоналған 107 млн теңгенің дүние-мүлкі табылды

 Халық үні 04.02.2022 | 21:18
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі тәркіленді - ІІМ
фото © Әсет Құндақбаев

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 107 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүлік тәркіленді: 8 автокөлік, 360 тұрмыстық техника, 200-ден астам зергерлік бұйым, 460 киім түрі, 238 ұялы телефон, сондай-ақ 15,5 млн теңге сомасындағы қолма-қол ақша тәркіленді.

Одан бөлек, үш аптада Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында ұрланған қарудың басым бөлігі тәркіленді. Дәл қазір тәркіленген қарудың жалпы саны - 747 және 18 мыңнан астам оқ-дәрі.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күштік құрылым қызметкерлері қаза тауып, жарақаттанды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама