Бала тереңдігі 3 метрлік шұңқырға құлап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар баланы құтқару сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аутизм белгілері бар, сөйлемейтін, эпилепсиямен ауыратын баланы 500-ге жуық адам іздеген болатын.
Бүгін 17.30-да жоғалған бала ТМК көпірінің маңында шұңқырдан табылды. Бала тереңдігі 3 метрлік шұңқырға құлап кеткен.
"Қазіргі уақытта Тамирлан Ахметжанов орталық балалар ауруханасында, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Кейін ол ата-анасына тапсырылады", - деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.
14 тамызда Өскеменде 12 жасар бала жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.