Halyq Uni логотип
×

«Шұңқырдан табылды»: ШҚО-да аутизмге шалдыққан 12 жасар баланы құтқару сәтінен видео жарияланды

Бала тереңдігі 3 метрлік шұңқырға құлап кеткен

 Халық үні 15.08.2022 | 20:45
«Шұңқырдан табылды»: ШҚО-да аутизмге шалдыққан 12 жасар баланы құтқару сәтінен видео жарияланды
Фото: ҚР ІІМ

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар баланы құтқару сәтінен видео жарияланды. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аутизм белгілері бар, сөйлемейтін, эпилепсиямен ауыратын баланы 500-ге жуық адам іздеген болатын.

Бүгін 17.30-да жоғалған бала ТМК көпірінің маңында шұңқырдан табылды. Бала тереңдігі 3 метрлік шұңқырға құлап кеткен.

"Қазіргі уақытта Тамирлан Ахметжанов орталық балалар ауруханасында, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Кейін ол ата-анасына тапсырылады", - деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков. 

14 тамызда Өскеменде 12 жасар бала жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама