Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

Халық үні

2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарды.

Фото: primeminister.kz

Ерлан Қиясов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастаған.

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы ҚР Әуе көлігі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – санитарлық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,  «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарды.