Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарды.
Ерлан Қиясов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастаған.
1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы ҚР Әуе көлігі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.
1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – санитарлық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2020-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметін атқарды.