Астананың іргесіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дастан Жұмабекұлы

Қайғылы оқиғаға дейін үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысқан

фото: ашық дереккөз

Жексенбі күні астананың іргесіндегі Тайтөбе ауылында тұрғын үй ауласында жарылыс болған еді. Бұл ауыл Ақмола облысы Целиноград ауданына қарайды. Оқиға орнын тексеру барысында полицейлер механикалық зақымдалмаған газ баллонын тапқан.

Қайғылы оқиғаға дейін үй иесі мен оның ағасы көмірді сұрыптаумен айналысыпты. Сол кезде белгісіз зат жарылып, үй иесі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші ер адам мен оның баласы түрлі жарақаттармен Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Қазір өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.