11 жылда жаһандағы адамдардың саны 1 млрд-қа өскен
Әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті, деп хабарлайды «МИР 24».
Жаһандағы халықтың саны Қытай мен Үндістанда айтарлықтай артқан. 11 жылда әлем халқының саны 1 млрд-қа артқан.
Бүгінде жер шарында 4 млрд ер, 3,95 млрд әйел тұрып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін БҰҰ сарапшылары күзде әлем халқының саны 8 млрд-қа жетеді деп болжам жасаған еді.