Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады
Белдесулер 15 - 21 тамыз күндері болады
Бүгін Болгарияның астанасы София қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы (U20) кезекті әлем чемпионаты басталды. Бозкілемде алғашқы болып еркін күрес шеберлері 57, 65, 70, 79, 97 кг салмақ дәрежелерінде бақтарын сынайды.
Назарларыңызға әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы балуандарының тізімін ұсынамыз.
Еркін күрес:
57 кг – Мерей Базарбаев (Алматы қаласы)
61 кг – Майис Алиев (Маңғыстау облысы)
65 кг – Олжас Олжаханов (ШҚО)
70 кг – Родион Анчугин (Алматы қаласы)
74 кг – Илияс Ерболатов (ШҚО)
79 кг – Шамсат Тайр (Шымкент қаласы)
86 кг – Мүслім Жақсылық (Алматы қаласы)
92 кг – Нұрдәулет Бекенов (ШҚО)
97 кг – Зелимхан Мусиханов (Алматы қаласы)
125 кг – Бекзат Тәжі (Қызылорда облысы)
Аға жаттықтырушы – Аслан Байғұлов
Грек-рим күресі:
55 кг – Исхар Курбаев (Алматы облысы)
60 кг – Бақытжан Қабдыл (Алматы облысы)
63 кг – Дінислам Сағитжан (Ақтөбе облысы)
67 кг – Дінмұхамед Қошқар (Жамбыл облысы)
72 кг – Мерей Мәулітқанов (Алматы облысы)
77 кг – Омар Сатаев (Шымкент қаласы)
82 кг – Азимхон Абдалиев (Шымкент қаласы)
87 кг – Мақсат Сайлау (Нұр-Сұлтан қаласы)
97 кг – Юсуф Мациев (Қостанай)
130 кг – Джохар Узаров (Шымкент қаласы)
Аға жаттықтырушы – Қонысбек Төкенов
Әйелдер күресі:
50 кг – Лаура Ғаниқызы (Нұр-Сұлтан қаласы)
53 кг – Алтын Шағаева (Нұр-Сұлтан қаласы)
55 кг – Айнұр Әшімова (Алматы облысы)
57 кг – Зейнеп Баянова (Нұр-Сұлтан қаласы)
59 кг – Мәдина Аман (Түркістан облысы)
62 кг – Тыныс Дүбек (Алматы облысы)
65 кг – Қорлан Аманова (Қарағанды облысы)
68 кг– Жібекжан Сабыржанова (Нұр-Сұлтан қаласы)
72 кг – Анастасия Панасович (БҚО)
76 кг – Алина Ертөстік (Алматы қаласы)
Аға жаттықтырушы - Әділет Ермаков
Әлем чемпионатында 15-16 тамыз күндері еркін күрес шеберлері жүлделерді өзара сарапқа салса, 18-19 тамызда әйелдер күресінен белдесулер өтеді. 20-21 тамыз күндері грек-рим күресі балуандары күш сынасады.