×

Еліміздің мегаполистерінде аптап ыстық болады деп күтілуде

Шымкентте күн Алматыдан да ыстық болады, дейді ауа райын болжаушылар

 Халық үні 15.08.2022 | 08:06
фото: egemen.kz

Бүгін, 15 тамызда Қазақстанның үш ірі қаласы - Алматы, Нұр-Cұлтан және Шымкентте күн ашық болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Алматыда бүгін күн қатты ысиды деп болжануда. Термометр +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Одан бөлек, оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болуы мүмкін.

Ал Шымкентте күн Алматыдан да ыстық болады, дейді ауа райын болжаушылар. Термометрдің бағанасы +36...+38 градусқа дейін барады деп күтілуде.

Сонымен қатар мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Синоптиктер мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы +20...+22 градусты көрсетеді. Елордада күндіз жел тұрады деп болжанып отыр. Оның жылдамдығы 7-12 м/с дейін барады, дейді мамандар

Серіктес жаңалықтары

Сараптама